Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1974 3 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 13:53

Хаменова апелляциалық шағым түсірді

Атырау қаласының №2 сотына Бақытгүл Хаменовадан, оның адвокаты Игорь Вранчевтан, Өмірбек Адамовтан, оның адвокаты К. Адамовадан және Ақылбек Рысқалиевтың адвокаты Нұрбол Жолболовтан апелляциалық шағым түсті.

2022 жылдың 15 қарашасында Атырау қаласының №2 сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, облыстың мәдениет басқамасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа сот үкімі шықты.

Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2 жас баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігін қолдану арқылы жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Сотталушы Рысқалиевке 7 жыл, сотталушы Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 676
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2662
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1712