Сенбі, 23 Қараша 2024
1590 4 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 13:40

Ресей Украинадан 1 млрд доллардың астығын ұрлады

Ресейдің Украинадан ұрлаған бидайы шамамен 1 млрд доллар тұрады, деп жазды Ulysmedia.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

NASA Harvest зерттеуінше, Украинаның Ресей бақылауға алған аймағында бидайдың 6 миллион тонна түсімі жиналған. Мәскеу ол аймақтарды биыл қазан айында аннексиялағанын жариялаған.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің жазуынша, Украинаның оккупацияланбаған аймағында биыл 26 миллион тоннадан астам бидай жиналған. Бұл алдын ала болжағаннан әлдеқайда көп.

Зерттеуде айтылғандай, Ресей кемелері Украинадан шығарылған бидайды Иран мен Ливия елдеріне экспорттаған.

Қазан айының аяғында Financial Times басылымының журналистері Ресей Украинадан шығарып алған бидайды әлемдік нарыққа сатып жатқанын жазған. Онда Запорожье облысынан шыққан жүктің экспорттық құжаттары өзгертіліп, Ресейдің Тольятти қаласынан жүктелгені жазылған.

Журналистердің мәліметінше, Сирия арқылы шыққан кемедегі бидай Түркияның Хопа портында сатылған. Онда тоқтап тұрған "Павел" атты жүк тасушы кеменің суретін порттағы жергілікті шенеуніктердің бірі әлеуметтік желіге жариялаған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364