Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3555 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 12:05

Қазақстан қай жағынан «күнәға» батты?

Батыстың Esquire атты журналы жақында «күнаһар» елдердің тізімін жария еткен-ді. Аталған тізімнің басында Белорусь болса, Ресей мен Қазақстан сәйкесінше 2, 3-ші орындарға ұмсыныпты. Одан әрі Эстония, .., Венгрия, Сомали, Финляндия, сарапқа түскен сайыскерлердің ішіндегі «күнәдан» ең тазасы Замбия мен Бенин екен.  Айта кетерлігі, Esquire-ліктердің бұндай деп беттері бүлк етпей сөйлеуіне 2000-2008 жылдары аралығындағы 169 елдің статистикалық есеп-қисаптарын електен өткізуі негіз болған. Мысалға, уайымшылдық - жан басына шаққандағы өзін-өзі өлтіру фактілерінің, ашуланшақтық - қасақана адам өлтірудің санымен анықталыпты.  Мешкейлікті - жануар етін пайдалану көрсеткіші бойынша, ашкөздікті -  парақорлықты қабылдау индексі бойынша өлшепті. Құмарлық - бір әйел басына шаққандағы бала туу санына бөлінген мүшеқаптар санымен, ал күншілдік - «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жер іздеп, Отанын өз ырқымен тастаған эмигранттар санымен анықталса керек. Осы көрсеткіштер бойынша әр елге индекс қойылып, олардың қосындысы бойынша «күнәһарлық» деңгейін оп-оңай таба салған. Сонымен, Литва - ең уайымшыл, Колумбия - ызақор, Суринам - қызғаншақ, Франция - мешкей, Сомали - ашкөз, Гонконг - ең «жүргіш» ел атанса, Қазақстанға не жорық дерсіз? Жоғарыда аталған индекстердің қайсысынан мүлт кеттік? «Күнаһар» елдердің үштігіне кірген Қазақстан қай жағынан «күнәға» батты екен, а?

(Талқы форумға шыққан тақырыпқа байланысты клуб мүшелері мен жалпы оқырман мына электронды поштаға: jas_orken@bk.ru жазып жіберулеріне болады)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371