Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1735 4 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 12:38

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылдан бері бас қаланы басқарған Көлгіновтың орнына Жеңіс Қасымбек келді.

Алтай Көлгінов елорда әкімі болған кезде, қала астауы екі рет ауысты, жыр болған LRT-ның мәселесі шешілмеді.

Ол бұған дейінгі қызмет жолында 2012-2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары - Орал қаласының әкімі, 2016-2019 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2000 жылы - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет етті, 2001-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары - "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары,

2010-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Алтай Көлгінов Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.

Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде әсіресе Instagram мен Twitter желісінде белсенді. Астана әкімдігі атқарып жатқан кейбір шаралар әкімнің әлеуметтік парақшасында бірінші жарияланды.

 

Abai.kz

4 пікір