Сейсенбі, 8 Қазан 2024
2558 22 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 13:20

Қарағандыда ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

Қарағандыдағы Қали Байжанов атындағы филармония ресейлік әнші Лариса Долинаға концерт сахнасын беруден бас тартты. Ресейдің басқыншылық соғысын қолдайтын әншінің келуіне жергілікті халық қарсы болған.

Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің басшылығы концерт жарнамасында көрсетілген орын мен ұйымдастырушылар туралы ақпарттың жалған екенін айтты.

«Қарағандылықтарға әнші Лариса Долинаның концерті туралы туындаған сұрақтары бойынша Байжанов атындағы концерттік бірлестік басшылығының бұл әртістің шақыруына қатысы жоқ екенін түсіндіреміз. Мұндай іс-шараларды коммерциялық құрылымдар ұйымдастырады. Қазіргі уақытта Байжанов атындағы концерттік бірлестік пен ұйымдастырушылар арасында Цирк ғимаратында осы әртістің концертін өткізу туралы тараптардың келісімін растайтын заңды құжат жоқ.
Жарнамада осы іс-шараны өткізу және ұйымдастырушылар туралы жалған ақпарат бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысы тұрғындарының негатив пікіріне байланысты, Л.Долинаның концертін өткізу үшін сахна алаңын беруге жасалатын келісімшартқа қол қойылмайды», - делінген хабарламада.

Ресей әншісінің концерті 12 ақпанда Қарағанды циркінде өтуі тиіс болған.

 

Abai.kz

22 пікір