Аңшылық архаизмге айналып кеткен жоқ па?
Саятшылық - бабамыздан қалған атакәсіп. Жаңа жауған қардан кейін таң қылаң бере атын ерттеп, тазысын ертіп, садағын асынып, бүркітін қолына ұстаған күйі аңға шығып кететін аталарымыз ауылға мол олжамен оралатын. Өкінішке қарай, бүгінде саятшылық сөзі архаизмге айналып кеткен сияқты. Әдеби шығармалардан ғана кездестіресің. Ал аңға шығуды «охотаға» алмастырып алдық. «Джипке» отырасың да, мылтық немесе автоматпен қалаған аңыңды атып аласың. Иә, осындайда тек «Сонар» секілді құсбегілер додалары ғана бабамыздан қалған асыл мұраны сақтап қалып отырғандай көрінетіні жасырын емес.
Бүркітшілер:
1. Өмірхан Бәйетбай (Алматы облысы) - 100 мың теңге
2. Елтай Мүптекеев (Алматы облысы) - 70 мың теңге
3. Ермұхан Бәйетбай (Алматы облысы) - 50 мың теңге
4. Жасұлан Бүркітбай (Алматы облысы) - 30 мың теңге
5. Қуаныш Исабеков (Алматы облысы) - 25 мың теңге
Қаршыға:
1. Бауыржан Ғазизхан (Жамбыл облысы) - 30 мың теңге
2. Ермек Иманзайып (Павлодар облысы) - 25 мың теңге
3. Әділ Шәлімбетов (Жамбыл облысы) - 15 мың теңге

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Сонар» құсбегілер додасы биыл Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Нұра ауылының шетіндегі Илантау тауының баурайында өтті. Астана қаласы, Павлодар, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының құсбегілері келген екен. Барлығы 39 бүркіт, санадық. Қаршыға ұстаған үш балақай да өзара шеберді анықтады. Бірінші күні регламент бойынша құсбегілер бүркіттерімен «сырласу» сынынан өтті. Яғни бүркітін шақыру, онымен қарым-қатынасы бағаланды. Сондай-ақ құсбегілердің киім киістеріне де мән берілді. Нәтижесінде, іріктелгендер келесі кезеңге шығып, ертеңінде құстарын қоянға салды. Ал одан үздік шыққан 10 құсбегі бүркіттерін түлкіге салды. Нәтижесінде, құйрығын бұлғаңдата қашқан түлкіге құлдилай ұшып келіп, тырп еткізбей ұстаған «Айтұяқ» атты бүркіт бас жүлдені жеңіп алды.
Жалпы, құсбегілер арасындағы «Сонар - 2013» додасы биыл да әдеттегідей қызықты өтті. Тіпті, Қытай, Түркия, Германия, АҚШ-тан арнайы келіп, қазақтың атакәсібін тамашалап жүрген туристердің де қарасы көп. Араларында журналистер де жетерлік. Бәрі де бүркіттермен суретке түсіп, құсбегілердің киімдеріне тамсанып жүр. Мүмкіндікті пайдаланып, осы доданы ұйымдастырған «Қыран федерациясының» атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызымен әңгімелесіп, бір бүркітті баптау үшін жылына қанша ақша керектігі жайлы сұрадық.
- Мемлекетіміздің көк туында неліктен қалықтаған қыран тұр деп ойлайсыз?! Өйткені бүркіт еркіндікті сүйеді. Қанша жерден ғалым болсаң да, бұл құсты қолдан көбейте алмайсың. Сондықтан балапан кезінен ұядан алып, солай өсіреміз. Баптаудың да машақаты ауыр. Зор күтімді қажет етеді. Бір бүркітті баптау үшін жылына 1 миллион теңгеге жуық қаржы керек, - деді Бағдат Мүптекеқызы.
Мәселе осы жерден шығады ғой. Биылғы «Сонар» додасында бас жүлдеге 100 мың теңге сыйақы берілді. 2-орын иегері жан қалтасына 70 мың теңгені басты. Үздік үштікке енген құсбегі 50 мың теңгені санап алды. 4-орынға 30 мың теңге берілсе, 5-орын иегері 25 мың теңгені қанағат қылды. Енді есептеп көрелікші. Жылына 1 миллион теңгені қажет ететін қыран құстың иесі 25 мың теңгені қай жыртығына жұмсамақ? Әлбетте, бұл жерде ұйымдастырушыларды да кінәлай алмаймыз. «Қыран федерациясының» халі белгілі. Шалқып жүрген жоқ. Ақшаны да Үкіметтен алатыны түсінікті. Бірақ Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, құсбегілікке мемлекет тарапынан жөнді көңіл бөлінбей отырған көрінеді.
- Оны айтасыз, бізге миллион тұрмақ, жүз теңге де бөлінбей отыр. Тек Ұлттық спорт түрлерінің жанынан бір бөлім ашып қойған. Бітті. Басқа жасап жатқан жақсылықтары жоқ, - деп ағынан жарылды атқарушы директор.
Жалпы, бүгінде республика бойынша бір-ақ құсбегілер мектебі бар. Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылында орналасқан. Саятшылыққа қызыққандар осында жаттығып, қыран құстарды да осы жерде баптайды. Илантау бөктері бүркітшілердің жаттығуы үшін таптырмас жер. Түлкі, қарсақ, қояндарың мұнда жетерлік. Бірақ жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрған көрінеді. Құсбегілердің емес, әлгі жердің қойнауына қызыққан «ХЭМКО» ЖШС-нің кесірінен. Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, Қазақстандағы Әзірбайжан диаспорасының төрағасы Әбілфайыс Хамедов басқаратын әлгі ЖШС өткен жылдың сәуір айынан бері Илантаудан карьер қазып, тас өнімдерінің үш түрін өндірумен заңсыз табыс тауып келеді екен.
- Өз жерімізге өзіміз ие бола алмай жүрміз. Арызданбаған жеріміз жоқ. Аудандық прокуратура, облыстық әкімшілік - барлығы да бұдан хабардар. Бірақ ешқайсысы да көмектесе алмай отыр. Олардың әрекеттері заңсыз екендіктерін біле тұра, еш шара қолданар емес. Егер бүйте берсек, қояндарымыз қырылып, түлкілер жойылып, ең қауіптісі - «Қызыл кітапқа» енген илан өсімдігі құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Журналистер де келді. Бірақ бір-бірлеп келгендіктен, олардан да қорықпай, сес көрсетіп, қуып шығып жатыр, - деп шарасыздық білдірді Бағдат Мүптекеқызы.
Жақын уақытта Алматының журналистері топ болып Илантауға қайта барып, заңсыз қазылған карьераны өз көздерімен көріп қайтпақшы.
Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ
"Алаш айнасы" газеті