ЖЭО-лар жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр
Президент елдегі әбден тозығы жеткен 19 ЖЭО-ны жөндеуге 90 млрд теңге жұмсалатынын айтты.
«Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі жанынан құрылған арнайы комиссия кешенді шаралар әзірледі. Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет. Алдын ала есеп бойынша оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн», – деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінше ЖЭО-ның орташа тозу деңгейі ел бойынша 66%-ға жетті.
«Ал кейбір қалаларда 80%-дық шетін деңгейден асып кеткен. ЖЭО-лардың үштен бірі жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Шемонаиха қалаларында жылумен жабдықтау желілері толығымен тозған», - деді Президент.
Abai.kz