Сенбі, 23 Қараша 2024
1282 1 пікір 12 Желтоқсан, 2022 сағат 14:01

«АрселорМиттал Теміртауға» қандай жаза қолданылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамай отырғанын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жыл басынан бері өндіріс орнында 1 124 жұмысшы жарақат алып, оның 157-сі қайтыс болды. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болатын жазатайым оқиғалар жүйелі сипат алды. Бұл мәселе «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына да қатысты. 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан аса жазатайым оқиға болып, 100-ден аса азаматымыз қаза тапты. Биылдың өзінде 14 адам қайтыс болды. Оның ішінде 1 жұмысшы өткен аптада мерт болды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Осыған байланысты халық әділ әрі шұғыл шаралар күтіп отыр, – деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, біз адам қаза болды.

Одан бұрын қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы көз жұмды.

Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды.

Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құқық қорғау органдары "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды кінәсі анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуға құқылы екенін мәлімдеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452