Сенбі, 23 Қараша 2024
1126 1 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 12:37

21 қыркүйектен бастап елімізге 837 мың ресейлік келген

Жыл басынан бері елімізге 3 млн-ға жуық Ресей азаматы келді, оның ішінде 837 мың адам мобилизация жарияланғаннан кейін келген. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Ыспанов айтты.

«Іс жүзінде жыл басынан бері үш миллионға жуық ресейлік Қазақстанға әртүрлі жағдайларға байланысты келіп, қайта кеткен. 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң елімізге 837 мың ресейлік келіп, 780 мың адам қайта кетті», -деді Ыспанов.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 298 мың Ресей азаматы жүр, оның 30 мыңы келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Олар электронды еңбек биржасында және уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген. Сондай-ақ, Қазақстанда Ресей Федерациясынан келген 20 мыңға жуық студент білім алады.

«Бізге келіп, транзитпен басқа елге ұшатын адамдар да бар. Мысалы, 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік біздің еліміз арқылы өзге елге ұшқан. Іс жүзінде жыл сайын Қазақстанда шамамен 250-240 мың ресейлік тұрып жатады»,-деді Ілияс Ыспанов.

Еске сала кетейік, 29 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл Қазақстанға 400 мыңнан астам Ресей азаматы келіп, оның 100 мыңға жуығы елде жүргенін айтқан болатын.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487