Сенбі, 23 Қараша 2024
1171 0 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 12:51

Қаңтар оқиғасы: 1071 адамға рақымшылық жасалды

Қаңтар оқиғасы бойынша мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

"Қазіргі кезде 1071 адамға рақымшылық жасалды. Атап айтқанда, тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде орташа ауыр қылмыс жасаған 8 күдіктіге қылмыстық қудалауды тоқтатты. Ал сотта тоғыз адамға қылмыстық істерді тоқтатты. Үкім шығарған кезде 77 адамның жаза мерзімі қысқартылды. Соттар сонымен бірге 902 сотталушының жаза мерзімін қысқартты. Оның 827-сі есеп беретін пробациядан, ал 75-і жазадан босатылды" деді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, өткен айда рақымшылық заң аясында 60 адам – түрмеден, 68 адам пробациялық бақылаудан босатылған.

Айта кетейік, биыл қарашадан бастап қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты "Рақымшылық туралы" ҚР Заңының ережелері күшіне енген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1484
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512