Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1554 0 пікір 16 Желтоқсан, 2022 сағат 13:22

Қырғызстанда барлық мектеп вирустың тарауына байланысты қашықтан оқуға көшірілді

Қырғызстанда ОРВИ вирусының көбеюі себебінен барлық мектеп 24 желтоқсанға дейін карантинге жабылды. Бұл жөнінде елдің білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекова Жогорку кеңеш отырысында хабарлады.

Оқушылардың сабағы онлайн режимге ауысқан.

Орви вирусы әсіресе Бішкек, Шу және Талас облыстарында өршіп тұр. Онда балалардың 17-30% ауырып мектепке бармай қалған.

15 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, Қырғызстанда 509 мектеп және 168 балабақша карантинге жабылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 желтоқсандағы жағдай бойынша ОРВИ жұқтырған 9 мың 809 адам тіркелген. Олардың 70%- балалар.

 

Abai.kz

0 пікір