Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4829 0 пікір 1 Наурыз, 2013 сағат 06:35

Сәбетқазы Ақатай. Латынға көшсек екен

«Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік», деп Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінің беташар сөзінде жазған екен. Ахаң айтқан ұлтқа қызмет ету міндетін ғұмыры жеткен істеген азаматтың бірі - Сәбетқазы Ақатай.

Сәбеңнің «Жас тұлпар» ұйымынан бастап, қайта жаңғырған «Алаш» партиясына дейінгі аралықтағы бар қызметі ұлттық азаттығы мен өсіп-өркендеуі жолында болды. Алашқа адал ұлдың артында жасаған ісі қалды.

Сәбетқазы Нұржақияұлының отбасы марқұмның ғы­лыми-пуб­лицистикалық мұраларын жинақтап, 2011 жылы жеті томдық кітап етіп басып шығарды.Ал, осы жылы http://akatay.kz/ деп аталатын сайт ашыпты.  Сайттан Сәбетқазы Ақатайдың еңбектерімен оқуға болады.

Төменде Сәбеңнің «Заман-Қазақстан» газетінің 1999 жылы 9 сəуір күнгі №15-нші санында «Латынға көшсек екен» деген тақырыппен жарық көрген мақаласын жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

«Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік», деп Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінің беташар сөзінде жазған екен. Ахаң айтқан ұлтқа қызмет ету міндетін ғұмыры жеткен істеген азаматтың бірі - Сәбетқазы Ақатай.

Сәбеңнің «Жас тұлпар» ұйымынан бастап, қайта жаңғырған «Алаш» партиясына дейінгі аралықтағы бар қызметі ұлттық азаттығы мен өсіп-өркендеуі жолында болды. Алашқа адал ұлдың артында жасаған ісі қалды.

Сәбетқазы Нұржақияұлының отбасы марқұмның ғы­лыми-пуб­лицистикалық мұраларын жинақтап, 2011 жылы жеті томдық кітап етіп басып шығарды.Ал, осы жылы http://akatay.kz/ деп аталатын сайт ашыпты.  Сайттан Сәбетқазы Ақатайдың еңбектерімен оқуға болады.

Төменде Сәбеңнің «Заман-Қазақстан» газетінің 1999 жылы 9 сəуір күнгі №15-нші санында «Латынға көшсек екен» деген тақырыппен жарық көрген мақаласын жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

Тəуелсіздікпен ентелеп бірге кіретін игіліктер болады. Тəуелсіздік бізге жалқы,  жалаңаш мазмұнсыз келгені мəлім. Саяси тəуелсіздікті мазмұнмен толықтыратын дəуірді əдетте "деколонизация дəуірі"  деп атайды.  Ол бізде əлі жүрген жоқ.  Артқа қалдырамыз деп уақытты көп өткізіп алдық.

Жоғалтқанымыздың орны тола қоймас.  Енді тəуелсіздікті шынайы мазмұнмен толықтау шарттары.  Бұлардың біраз саласы мəдениетке, жазу-сызу ісіне саяды. Жеке адамның жазу мəнеріне қарап, сол адамның мінез-құлқын ажыратуға болады. Мұны графология дейді. Ұлт та жеке адам тəрізді. Оның тарихы, əдеби мұрасы,  асыл арманы,  өзіндік бет-бейнесі əліпбиінен

белгі беріп жатады.

Қазақ ұзына тарихында жазу əліпбиінің біразын басынан өткізгені мəлім. Ежелгі жазу V-VI ғасырлардағы түрік руникасы болатын. Ол - қазаққа төл, бірақ графикасы жетілмеген, қашау мен балғаға арналған, бұрышты, тік, сынық, қалам мен қағазға бейімсіз, сондықтан оның қазақ тілімен ендігі байланысы архив мұрасы болып қала бермек.

Екіншісі - араб əліпбиі, Құран графикасы. Көне финикиялық, арамейлік, семиттік графикамен сабақтасады. Ол əлемдік жазу өнерінің бір бұтағы ретінде Қазақстанға VIII  ғасырда ислам дінімен қоса дарыды, ата-бабаларымыз осы əліпбимен сауатын ашты, салауатын айтты, иманына келді,  өлгенде құлпытасына аты-жөнін жазды.

Қазақ халқының мəдени жəне рухани дəуірлеуіне себеп болды.  Фараби,  Йүгінеки,  Қашқари,  Дулати,  Жалаири,  Йассауи,  Абай,  Шəкəрім,  Əлихан,  Мұхаметжан,  М.  Əуезов еңбектері ең алғаш осы графикамен жарық көрді, елге тарады.

Араб əліпбиі қазақ тіліне қаншама көндірілгенмен əлі де көне қоймайды.  Өйткені,  оның канондық дыбысталуы Құранмен ұштасады. Оған қазақ дыбысын арнап, алғаш бұғаулық салған белгілі реформатор Ахмет Байтұрсынұлы еді, оның  "қадымға" негізделген  "төте жазу"  емлесі тарих төріне шыққанмен архивтің  "қазба байлығына"  айналды.  Халқымыздың жазба мұрасының біраз бөлігі осы əліпбиде. Қытай, Ауғанстан, Иран еліндегі ағайындарымыз əлі де осы əліпби арқылы байланысып, түсініп отыр. Біздің тарихи мұрамызды өзімізге жеткізіп берген бұл жазуға де өкпе болмау керек.

Елімізде большевиктер жүргізген  "мəдени революция" тұсында аз уақыт латын таңбасына көшкеніміз мəлім. Б.   Майлин мен І. Жансүгіров ату туралы соттың шешімінің көшірмесін осы жазудан оқыды.  КСРО-ның барша мұсылман халықтары бұл əліпбиге бір күнде көшті. Бірақ ғұмыры ұзақ болмады. Өйткені, əлемдік интернационализм жолынан тайған большевиктер латын əліпбиінің орыстандыру саясатына жарамайтынын тез байқады да дереу, Ұлы Отан соғысы алдында орыстың Петр заманынан бері ресми  "ұлттық таңбасы"  болып саналатын кириллицаға көшірді.  Əсілі,  кириллица  "шіркеу"  таңбасы еді,  діни əліпби, православие əрпі.  Осы əріпте қалсақ,  біз де орыс секілді əлемдік өркениетке мəңгі қосыла алмаймыз.  Кириллицамен

бірге қазақта  "ов"  пен  "ичтер"  көбейді.  Ол Ы.   Алтынсарин мен Абай Құнанбаев кезінен кірді десек қателесер едік. Қазақ ономастикасында  "ов" пен  "ичті" бастап жүргендер X ғасырда шоқынған қыпшақ хандары, "Игорь жорығы туралы жырдағы"  Шарухановтар мен Токсобичтер. "Ақыл ауыс,  ырыс жұғыс"  деген.

Кириллица православие əлемін ғана қамтиды, православиелік өмір дəстүрін насихаттайды,  православие философиясының қолына су құяды,  православиелік идеологияны ту көтереді.

Кириллица - орыстандыру саясатының рухани құралы. Осының бел ортасында біз, қазақ, жүргеніміз қалай? Бұрын күшпен,  зорлықпен кірген дүниені,  тəуелсіздік алғаннан кейін де, қолданғанымыз елдігімізге нұқсан келтірді. Кириллица славян тіліне,  дауыс,  дыбыс жүйесіне негізделген.

Ол ойран салған 60 жылда қазақ тілінің дыбысталуы өзгерді, "орысшаланды",  теледидар мен радио дикторларының таңдайларының тақылдауық болуы сонан.  Өйткені біздің табиғи орфоэпиямызды бүлдірді, бүлдіре де бермек. Тіліміздің шұбарлануының бірден бір себебі де - осы.

Латынға көшу керек!

Латын əліпбиі қазақтың жерін жыртып, малын бағып береді демеймін.  Ай мен күннің аманында орысқа айналып бара жатқанымызды тоқтатады.  Қазақ қазақ болғысы келмейтін заманға тап болдық,  осындай қиын-қыстау заманда көпір болады.  Ұлттық салауатымызды қалыбына келтіреді.  Басқа ұлттардың мəдени жəне моральдық экспансиясынан құтқарады.

Əлемдік өркениетке тікелей бет бұрамыз. Компьютерлік тіл мен қазақ тілі қайымдаса қалады.

Түркі халықтарының кемеңгер көсемі Кемал Ататүрік Түркияның ең бір ауыр шағында елін латын əліпбиіне көшіргенін есте ұсталық.  Түрік əліпбиінің негізінде жасалған қазақ əліпбиі даяр.  Мұндай мың жылда бір болатын келелі іске кедергі болмайық.  Бұрынырақ латынға көшсек, "жазба мəдени мұрамыз шығын болады" деген сандырақ естіген едік. Кириллицада жазылған дүниелерді өртейік деп жатқан жоқпыз. Ол қалады. Қызыққан адам оқиды, керегіне жаратады.  Ал қазақ үшін, оның мəдениеті мен болашағы үшін кемелді шақ туады.

"Заман-Қазақстан", 9 сəуір 1999 жыл №15

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315