Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына байланысты жанкүйерлеріне үндеу жолдады.
Боксшы допинг сынамасының В үлгісінің қорытындысы әлі шықпағанын атап өтіп, әлеуметтік желіде қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты. Әлімханұлы қиын кезеңде жанкүйерлерінің сенімі мен қолдауы үлкен рух бергенін жеткізді. Оның айтуынша, әсіресе отандастарының таза екеніне күмән келтірмей, қолдау танытуы ерекше демеу болған.
«Шетелдіктер бұл дауға қуанып жатқанда, өз қазағымның маған қарсы шықпай, таза екенімізге сенгені жаныма демеу болды. Мен тек жеңісті сәттерде ғана емес, ауыр кезде де қасымнан табылатын нағыз жанашыр жанкүйер жинағаныма қуаныштымын», – деп жазды ол.
Abai.kz