Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1401 6 пікір 21 Желтоқсан, 2022 сағат 13:07

Мұхтар Әблязов елге қайтарыла ма?

Францияның өкілетті органдарына Мұхтар Әблязовты елге экстрадициялау туралы сұраныс хат жолданды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда құзырлы органдар М. Әблязовқа қатысты екі қылмыстық іс қозғаған. Біреуі - БТА банк қаражатын жымқыру фактісі, екіншісі – Е. Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша да айыптау үкімі күшіне енген соң тиісті экстрадиция тәртібімен Францияның өкілетті органдарына сұраныс хат жолданған. Олардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде, қазір Франция М. Әблязовқа бассауға күшін жойды. Осы және қолданылып жатқан басқа да шаралар септігін тигізеді деп ойлаймын. Сұраныс хаттары біздің қатаң бақылауымызда, біз оған бар күшімізді саламыз», - деді Ж. Өмірәлиев.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Франция Мұхтар Әблязовке саяси бассауға болудан бас тартты. Америка алқабилер соты ақша ұрлау фактісі бойынша Мұхтар Әблязовқа $218 млн айыппұл салды.

 

Abai.kz

6 пікір