Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1956 4 пікір 21 Желтоқсан, 2022 сағат 14:21

Мәсімов ісі өте құпия түрде қаралып жатыр

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сұраққа жауап беруден бас тарты. Оның айтуынша аталған іске байланысты барлық сауал Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қойылуы керек.

«Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі сотта қаралып жатыр. Сондықтан бұл істі түсіндіру және шешім қабылдауға қатысты барлық сұраққа жауап беру соттың құзыретіне кіреді. Сондықтан істі қарап жатқан ведомствоға жүгініңіздер... Сұрақтарға жауап беру менің құзыретіме кірмейді», - деді Жандос Өмірәлиев.

Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен ұсталған Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын тергеу «өте құпия» жүргізілді. ҰҚК бұрынғы басшысы бірнеше ай қамауда отырды. 25 тамызда Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны хабарланды.

 

Abai.kz

4 пікір