Сенбі, 23 Қараша 2024
1825 8 пікір 23 Желтоқсан, 2022 сағат 13:32

530 млрд: Біздің шенеуніктер ақшасын шетелде сақтайды

Қазақстандық шенеуніктер мен олардың жұбайларының шетелдік банктерде сақтаған 530 млрд теңгесі бар. Бұл туралы LS сайты жазады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, биыл кірістер мен мүлік туралы декларацияны 576 872 жеке тұлға тапсырған.

Мәселен, 2021 жылғы 31 желтоқсанға:

354 қазақстандық 59 елдің банктеріндt 529 млрд теңге сақтайды. Ең көп сома БАӘ, Сингапур, Швейцарияға тиесілі;

377 жеке тұлға Қазақстаннан тыс жерде 466 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады. Нысандар 25 мемлекетте тіркелген. Елдер бойынша ең көп саны Ресейге, АҚШ-қа, БАӘ-ге, Түркияға тиесілі;

124 қазақстандық 24 елде тіркелген бағалы қағаздар туралы мәлімет берді. Активтердің ең көбі АҚШ, Ресей, Ұлыбританияға тиесілі.

Мемлекеттік кірістер комитеті есепте салық кезеңі үшін алынған кірістерді, салық шегерімдерін, бағалы қағаздарды, шетелдік банктердегі ақшаны, мүлікті сатып алуды немесе иеліктен шығаруды, дебиторлық/кредиторлық берешекті, Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті көрсету қажет екенін еске салды. Осы декларацияда активтерді сатып алуға арналған қаражат көздерін көрсету қажет.

Айта кетейік, Қазақстанда негізсіз байып жатқандарға жауапкершілік енгізу жоспарлануда.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392