Сенбі, 23 Қараша 2024
1392 3 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 12:13

Кәрім Мәсімовтың інісіне қатысты тергеу аяқталды

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі хабарлады.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», - делінген Агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Нұрлан Мәсімов – ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың інісі. Ол қаңтар оқиғасынан кейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылған.

Кейінірек оған іздеу жарияланып, ол туралы қандай да бір ақпарат берген адамған 12 млн теңге сыйақы берілетіні мәлім болды. Шілде айында Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекарадан жалған құжат арқылы өтпек болған кезде ұсталды.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371