Жұма, 22 Қараша 2024
1675 0 пікір 27 Желтоқсан, 2022 сағат 15:21

Қытай карантин талаптарын жеңілдетпек

Қытай Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы (NCH) 8 қаңтардан бастап COVID-19 вирусына қарсы бақылауды жеңілдететінін, карантин талаптарын жұмсартатынын хабарлады, деп жазды Адырна. 

Қытай аумағына келгендер бұдан былай карантинге жатқызылмайтын болды. Қытай билігі коронавирус кең тарап, індет өршіп тұрған аймақтарды да оқшауламайды. Мұны Global Times жазды.

"Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды", - деді қытай мамандары.

Дегенмен, Қытай билігі індеттің таралуы мен шетелде өршуін не азаюын ұдайы бақылауда ұстамақ. Халыққа арналған сақтандыру іс-шаралары жалғасын табады.

Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды.

2020 жылдың 20 қаңтарында Қытай билігі дәрігерлер вирустың адамдар арасында таралу қабілетін анықтағаннан кейін COVID-19-ны В класты жұқпалы ауруға жатқызды. Бұл - АИТВ, вирустық гепатит және H7N9 құс тұмауын қамтитын класс. Алайда сол кезде ҚХР басшылығы COVID-19-ды бубонды оба және тырысқақпен қатар қоя отырып, А санатындағы ауру ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320