Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2051 2 пікір 5 Қаңтар, 2023 сағат 13:44

Қытай халқы вирустан қырылып жатыр

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар көбейіп, елдегі крематорийлерде орын қалмаған. Бұл жөнінде Қытайда жерлеу қызметін көрсететін мекеме жұмысшылары және сарапшыларға сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады. Агенттік "жүйенің тұралап қалғанын" айтты.

Пекин мен Шанхай крематорийлеріндегі жұмысшылар агенттікке коронавирустан қайтыс болғандар мәйіті тәулік сайын өртелетінін, крематорийлерде орын қалмағанын айтқан. Енді бос орын тек қаңтар ортасында ғана пайда болады. Крематорий жұмысшыларының бірі агенттікке күн сайын 500-ден астам мәйіт түсіп жатқанын айтқан.

Вloomberg'тің жазуынша, кейінгі кезде Қытайда мәйіттерді өртеу бойынша қызмет ұсынатын "көлеңкелі бизнес" кеңінен етек жайған. Егер бұрын кремация қызметінің құны бірнеше мың юань тұрса, қаңтарда кейбір крематорийлердің қызметі шарықтап, ондаған мың юаньға жеткен.

Қытайда наразылыққа байланысты коронавирус шектеулері бәсеңдегеннен кейін желтоқсан басында елдегі ахуал ушыққан. Коронавирусқа шалдыққандар күрт көбейген.

Коронавирус ахуалы нашарлаған шақта Қытай билігі күн сайын жариялайтын коронавирус туралы хабарламасын жариялауды тоқтатқан. Кей мәліметке қарағанда, елде күн сайын миллиондаған адамнан коронавирус анықталады.

Британдық Airfinity сараптама компаниясының бағалауынша, желтоқсан соңында Қытайда күн сайын коронавирустан шамамен 9 мың адам өлген. Airfinity болжамынша, адам өлімі көрсеткіші 23 қаңтарда шарықтау шегіне жетеді. Ол кезде күніне шамамен 25 мың адам вирустан қайтыс болады. Желтоқсаннан бергі адам өлімі жарты миллионнан асуы мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371