Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2127 1 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 13:06

Жапаров ел қарызын жабудың жаңа жолын ұсынды

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Фейсбук парақшасында Қырғызстан қарыз алған халықаралық қаржы институттары мен елдерге үндеу жариялады.

Мемлекет басшысы Қырғызстанның "жасыл экономикаға" бет бұрғанын айтып, елдің сыртқы қарызын жасыл бастамаларға "алмастыру" мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма бергенін жеткізді.

"Қазіргі кезде Қырғызстанның сыртқы қарызының көлемі – 4,2 млрд доллар. Әрине, сыртқы қарызды өтеу бойынша мойнымызға алған міндеттерді әрі қарай да орындай береміз. Тек жасыл экономиканы дамыту және әлемдегі экология ахуалын бірігіп жақсартуға үлес қосу жөнінде бастама көтеріп отырмыз.

Сыртқы қарызды өтеуге арналған қаражат жасыл бастамаларды қолдауға бағытталса жақсы болар еді. Аталған жобаларды тек донорлар мен серіктестер қаржыландырсын деп отырған жоқпыз. Біз өз тарабымыздан да сондай жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз" деп жазды президент.

Садыр Жапаров Қырғызстанның лас ауа мәселесін, мысалы су электр станциясын салу арқылы кешенді түрде шешу қажеттігін атап өтті.

Жыл сайын күн суытқанда Бішкекте РМ2,5 қалдықтарының деңгейі күрт артады. Былтыр жыл басында табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Құтманова 2016 жылдан бастап Бішкек әлемдегі ең лас қалалардың қатарына тұрақты түрде кіріп келе жатқанын айтты.

Жуырда Финляндия метеорология институтының ауа сапасы туралы зерттеуі Бішкек ауасының ластануына бірінші кезекте көмір әсер етіп отырғанын анықтаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2427
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 646
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629