Сенбі, 23 Қараша 2024
1771 0 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 13:10

Армяндар: Ресей! Әскери базаңды әкет!

Арменияның Гюмри қаласындағы орыс әскери базасы алдында өткен митиңгте 100-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы акцияны ұйымдастырған "Ұлттық демократиялық полюс" саяси қозғалысы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, демонстранттар әскери базаға баратын жолды жауып, Ресейдің бітімгерлік күштерінен Таулы Қарабақтағы Лачин дәлізінің қозғалысын қалпына келтіруді талап еткен. Жиналғандар егер талап орындамаса, оларды "оккупанттар" деп атайтынын ескерткен.

"Ресейдің 102-базасы Арменияны, оның ішінде Таулы Қарабақты басып алды деп әлемге жариялаймыз", - деді қозғалыс мүшесі Ваге Гаспарян.

Лачин дәлізі – Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын жалғыз жол. 2020 жылы соғыстан кейін Армения мен Әзербайжан қол қойған келісімге сәйкес Лачин ауданы Бакудың бақылауына өткен. Лачин дәлізін Ресейдің бітімгерлік миссиясы бақылайтын болған.

Былтыр желтоқсан айында әзербайжандық белсенділер Таулы Қарабақ аймағында армян билігі "табиғи байлықтарды қазып жатыр" деп мәселе көтерген.

Армян билігі Лачин дәлізі жолы жабылғаннан кейін Таулы Қарабаққа азық-түлік және басқа да күнделікті тауар жетпей, аймақ гуманитарлық дағдарыстың алдында тұрғанын мәлімдеген. Премьер-министр Никол Пашинян ресейлік бітімгерлік орнатушыларды ешбір шара қабылдамағаны үшін айыптаған.

Осыған дейін Баку Әзербайжан аймағында заңсыз әрекетін жалғастыру үшін Ереван халықаралық қауымдастықты әдейі жаңылыстырып жатқанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370