Сенбі, 23 Қараша 2024
1476 4 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 14:55

Ресейде Қазақстаннан барған автокөліктер көбейген

Қазақстаннан Ресейдің Төмен облысына апарылған көлік 56 есе көбейген. Бұл жөнінде жергілікті кеден қызметіне сілтеген РБК Тюмень басылымы хабарлады.

"2022 жылы Төмен және Тобыл кеден посттарында Қазақстаннан келген 668 көліктен утилизациялық алым алынды. Өткен жылы 12 көліктен ғана алынған болатын", - дейді Төмен кедені.

"Дина" ХК бас директоры Иван Михайловтың сөзінше, Ресей автонарығындағы жағдай ауыр, өйткені Еуропа мен Жапониядан автомобиль әкелу тоқтаған.

Украинаға басып кіргеніне байланысты Ресейге санкция салынған соң Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты ұлғая бастағаны байқалған.

2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Ресейге экспорты 15,1 пайызға көбейгені хабарланған. Қазақстан Ресейге негізінен металл мен металл өнімдерін (1,5 миллиард доллар), минералды өнімдер (1,4 миллиард доллар), химия өнеркәсібінің өнімдерін, мәшине және құрал-жабдық және ауыл шаруашылығы өнімдерін (349 миллион доллар) экспорттаған.

2022 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейінгі аралықта Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 18,4 миллиард доллар болған, яғни алдыңғы жылдан 5 пайызға көбейген.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364