Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3660 0 пікір 14 Тамыз, 2009 сағат 07:49

2013 жылға қарай республиканың жеке және заңды тұлғалары мемлекеттік лицензияларды алуға өтініштерін интернет арқылы бере алады

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. 2013 жылға қарай республиканың жеке және заңды тұлғалары мемлекеттік лицензияларды алуға өтініштерін интернет арқылы бере алады, деп мәлім етті ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (АБА) басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік лицензияларды беру және қарау процесін автоматтандыруда жатыр. Компаниялар немесе жеке тұлғалар - лицензиаттар - өздерінің электрондық өтініштерін интернет арқылы бере алады, ал лицензиялау үшін жауапты мемлекеттік қызметкерлер мәліметтерді интернет арқылы алып, оларды қарап, лицензиялау ережелеріне сәйкес келетін ұйымдарға лицензиялар электронды түрде берілетін болады», - деді ол жұма күні «Мемлекеттік мәліметтер базасы» ақпараттық жүйелер», «е-лицензиялау» тұсаукесері барысында.

Мемлекеттік органдардың талаптарына қандай да бір себептерге байланысты сәйкес келмейтіндер үшін қосымша ақпарат сұралатын болады.

Е Дүрмағамбетов өтініштердің барлығы бірыңғай мәліметтер базасында  сақталып, өңделетінін жеткізді. Бұл мәліметтерді арнайы сұраным бойынша құқық қорғау органдары пайдалана алады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл ақпараттық жүйе Қазақстанның Ресей, Белоруссия және Қазақстанның Кеден одағына қатысуы үшін аса маңызды.

«Ақпараттық жүйелерді лицензиялардың  белгілі бір түрлері бойынша интеграциялау шеңберінде біз белоруссиялық және ресейлік әріптестерімізбен лицензиялар туралы ақпарат алмасатын боламыз, сондықтан бұл база келешекте өте маңызды қызмет атқарады», - деп түсіндірді ол.

Е. Дүрмағамбетов «е-лицензиялау» жүйесін енгізу барысында лицензияларды қарау және беру мерзімдері азайтылады.

«Сингапурда лицензия беру процесі бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Менің ойымша, осындай нәтижеге келу үшін біз алдымен өтінішті қарау мерзімін 30 күннен 15  күнге дейін, кейін 15 күннен 7 күнге дейін және ары қарай қысқартуымыз керек», - деді ол.

АБА басшысының орынбасары қазіргі уақытта лицензияның «е-лицензиялау» жүйесі арқылы алу тәжірибесін энергетика және минералдық ресурстар, ішкі істер министрліктері және табиғи монополияларды реттеу агенттігі қолданып отырғанын хабарлады.

Жүйені толығымен 2012 жылдың соңында енгізу жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019