Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады
Халықаралық ғарыш стансысына Жер шарындағы табиғи апаттарды болжайтын бірегей жүйе шығарылмақ. Оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады.
«Союз ТМА-08М» ғарыш кемесі «Обстановка» атты жаңа сынақты жүргізетін бірегей аппаратураны халықаралық ғарыш стансысының ресейлік сегментіне жеткізуі керек. Экипаж командирі Павел Виноградовтың мәліметінше, бұл - құрылғылар мен антенналардың өте күрделі жүйесі. Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді», - дейді П.Виноградов.
Дереккөз: today.kz