Сенбі, 23 Қараша 2024
2009 4 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 13:00

Жанболат Мамайға жаңа айып тағылуы мүмкін

Қазақстанда тіркелмеген "Демократиялық партия" лидері Жанболат Мамайға жаңа айыптар тағылуы мүмкін. Оның үстінен жүріп жатқан сот процесі кезінде прокурор айыптау актісін дайындауға қосымша уақыт сұрады. 

Қазір Мамай "полицейді балағаттады, несие амнистиясы туралы жалған ақпарат таратты және рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырды" деген үш бап бойынша айыпталып жатыр. Саясаткердің әйелі Инга Иманбай оған қосымша айыптар тағылуы мүмкін екенін айтады.

Мамай – оппозициялық саясаткер. Ол биліктегі шенеуніктер, Назарбаевтың жанындағы адамдар және Алматы әкімі болған Бауыржан Байбек жайлы зерттеу материал жасаған.

Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Мамай бейбіт митинг ұйымдастыру тәртібін бұзды деген айыппен ұсталған. Кейін оған Алматыда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылды.

Жанболат Мамай былтыр 2 қарашада тергеу изоляторынан үйқамаққа босап шықты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388