Жексенбі, 6 Сәуір 2025
2177 11 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 13:29

Депутат: "Кенесары ханның сүйегін алып келу керек"

Мәжіліс депутаты Бақытжан Смағұл Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару керектігін айтып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

«Кенесары Қасымұлының ұлағатты өмірі, жанқиярлық ерлігі, елге адал қызметі үлгісінде қазақ батырларының бірнеше ұрпағы, XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшылары тәрбиеленді.

Қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұр. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екені (сәйкестік 90%-дан жоғары) анықталды»,-деп жазды депутат.

Ол батырдың туғанына 220 жыл және ол бастаған көтеріліске 185 жыл толғанынын еске салып, хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынған.

«Бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етері сөзсіз», - деді Бақытжан Смағұл.

 

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1532
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4260
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3166