Қарызы 1 млрд. теңгеге жеткен «Яик мұнай базасы» АҚ банкрот деп танылды
БҚО Теректі аудандық соты «Яик мұнай базасы» АҚ-ны банкрот деп тану туралы шешім шығарды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен Гүлмира Кенжеғалиеваның хабарлағанындай, сотқа «Яик мұнай базасын» банкрот деп тану туралы аталған кәсіпорынның қызметкері жүгінген. Аталған қызметкерге жалақының уақытылы және толық көлемде төленбеуі салдарынан 12 млн. астам теңге көлемінде кәсіпорын қарызы қалыптасқан. Бұл қарызды борышкерден өндіру туралы сот шешімі 2010 жылы 13 қаңтарда шықса да, ол орындалмаған. Сот барысында анықталғанындай, борышкердің банктік шоты жоқ болып шықты, қаржы-шаруашылық ешбір қызметті жүргізбейді. Борышкердің өкілі кәсіпорынды банкрот деп тануға қарсылық білдірген жоқ.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері және басқа қарыздары 1 миллиардқа жуық теңгені құраған.
Дереккөз: ҚазАқпарат