Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 138 0 пікір 1 Қазан, 2026 сағат 17:26

Қазаақстан: Төртінші МӨЗ қайда салынады?

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда төртінші МӨЗ үшін алаңды таңдау 2026 жылдың соңына дейін аяқталады...

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салу үшін орынды түпкілікті белгілеу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Біз жаңа МӨЗ жобасын жүзеге асыруды жеделдету туралы шешім қабылдадық. Осы жылдың соңына дейін әлеуетті төрт облысты бағалау аяқталып, одан кейін құрылыс жүргізілетін оңтайлы өңір ресми түрде анықталады. Жаңа зауыт заманауи мұнай-химия кластерінің өзегіне айналады», — деп хабарлады Энергетика министрлігі Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев.

Ведомствоның нақтылауынша, Қазақстан жұмыс істеп тұрған зауыттарды кеңейту және жаңа ірі тонналы мұнай өңдеу әрі мұнай-химия кешенін салу арқылы мұнай өңдеудің жиынтық қуатын жылына 39 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Жаңа кешеннің қуатын жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру көзделген. Энергетика министрлігі жобаны іске асыруды жеделдетуге ниетті және нысанды 2033 жылға дейін пайдалануға беруді межелеп отыр. Қазіргі уақытта Ұлытау, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы әлеуетті төрт алаң бойынша алдын ала ТЭО (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және салыстырмалы талдау жасау аяқталып келеді», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, ведомство дерегінше, Қазақстан жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу кәсіпорындарының қуатын қазіргі 18 млн тоннадан жылына 29,2 млн тоннаға дейін кеңейтуде.

«Шымкент МӨЗ қуатын 2030 жылға қарай жылына 6-дан 12 млн тонна мұнайға дейін арттыру жоспарланған. Жобаның ТЭО-сын әзірлеуді CNPC Шығыс Қытай жобалау институты жүргізіп жатыр. Павлодар мұнай-химия зауытын 2031 жылға қарай жылына 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін кеңейту көзделген. Атырау МӨЗ 2028 жылға қарай мұнай өңдеу көлемін кезең-кезеңімен 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Кәсіпорында, сондай-ақ, жөндеуаралық үш жылдық циклге көшу де жоспарлануда», — делінген хабарламада.

Өңдеу қуатының артуына байланысты Қазақстан отандық зауыттарды қажетті шикізат көлемімен қамтамасыз ету үшін мұнай тасымалдау инфрақұрылымын да кеңейтіп жатқаны атап өтіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 258
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 263
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 317