Француз рэпері қалай мұсылман болғанын әңгімелеп берді
Француз рэпері Fabe исламды қабылдағанына 10 жыл өткен соң алғаш рет сұхбат беріп, қалай тура жолға түскенін әңгімеледі.
Осыдан 10 жыл бұрын әйгілі француз әншісі сахнадан кетіп, исламды қабылдады деген жаңалық жер-жаһанға тарап, бүкіл Францияны дүрліктірген болатын. 1990 жылдары аты дүркіреп шыққан Fabe-ні әлі күнге дейін жас орындаушылар өздеріне үлгі тұтады.
«Мен түрлі діндерді зерттеп барып исламға келдім. Қасымдағы әнші-күйші достарымның бірде-бірі менің ізденіп жүргенімді білген жоқ. Мен Құдайды іздедім. Исламға келмей тұрып, қатыгездеу адам болдым. Ислам өмірімнің мәнін ұғуға көмектесті», - деді ағынан жарылған Fabe.
Ұзақ уақыт көрінбей кетуінің мәнісін сұрағандарға ол Франция мен Канададағы ислам институтында оқығанын айтып, жауап берді.
«Соңғы жылдары көп ізденіп, көп саяхат жасадым. Кейін үйлендім. Баларым бар. Исламды қабылдауға бел буған кезімде Францияда мұсылмандарға деген теріс көзқарас асқынып тұрған болатын. Сол себепті, елдің көзіне түспеуге тырыстым», - деді өткенін еске алған рэпер.
Ол бүгінгі таңда тура жолды енді тапқандарға білгенін үйреткісі келеді. Осы елдегі тамыры тереңге кеткен жат құбылыс - исламофобиямен күресуге бел байлап отыр. «Егер тағы бір ғұмыр берсе, мен ойланып-толғанып жатпай ерте жасымнан исламды қабылдар едім», - деді ол сөзінің соңында.

Дереккөз: Мuslim.kz