Сенбі, 23 Қараша 2024
1342 3 пікір 12 Қаңтар, 2023 сағат 14:47

Шетелдік көліктерді тіркеу 1 шілдеге дейін жүреді

Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

«Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Осы аралықта жеңіл көліктер, толық салмағы 5 тоннаға дейін жететін шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар және толық салмағы 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк көліктерін заңдастыруға болады. Бұл ереже рулі оң жақта орналасқан көліктерге де қатысты. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жылына және экологиялық санатына қатысты талаптар қойылмайды», - деп мәлім етті Игорь Лепеха.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435