Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2058 1 пікір 17 Қаңтар, 2023 сағат 14:18

Мамай Ұлыбритания азаматтарымен кездесе алмады

Алматы қаласының №2 Бостандық аудандық соты тіркелмеген Демократиялық партияның (ҚДП) көшбасшысы, қазір үйқамақта отырған  Жанболат Мамайдың Ұлыбритания азаматтарымен кездесуі туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

"2023 жылдың 12 қаңтарында сотқа сотталушы Мамайға Ұлыбританияның үш азаматымен кездесуге рұқсат сұрау туралы өтініш түсті. ҚІЖК-нің 99, 362-баптарына сәйкес өтінішхат сот отырысында қаралды. Сот тараптардың пікірін тыңдап, өтінішті келесі негіздер бойынша қанағаттандырудан бас тартты. Сотталушы Мамай үй қамауында және ҚІЖК-нің 146-бабына сәйкес белгілі бір шектеулерді сақтауға міндетті. Шектеулердің бірі – жақын туыстары мен адвокаттан басқа адамдармен келіссөздер жүргізуге және сөйлесуге тыйым салу. Өтініште көрсетілген Ұлыбритания азаматтары сотталушының адвокаттары немесе құқық қорғау ұйымдарының мүшелері емес", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанға келген Британдық парламенттік комиссияның ресми мәртебесі жоқ екенін айтқан болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 722
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 685