Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 2959 0 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 10:54

Универсиада 2023: Қазақстан қоржыны үшінші алтынмен толықты

Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды.

Жарыс барысында ол екі атыс сызығында бірде-бір оқты бос жіберген жоқ. Нәтиже көрсеткен уақыты- 27:51,5. Осылайша қазақстандық биатлоншы ел құрамасына үшінші алтынды салды.

Аталған жарыста екінші орын Бьорн Уэстервелтке бұйырса, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі.

Нәтижесінде аталған сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды.

Еске салсақ, бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанды.

Осылайша медальдар кестесінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді. Жапония және Финляндия құрамалары алда келеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362