Сенбі, 23 Қараша 2024
1986 5 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 11:15

Зеленский: «ІІМ басшыларының қазасы – мемлекеттің үлкен шығыны»

ІІМ министрі Денис Монастырскийдің, оның орынбасары Евгений Ениннің және олардың әріптестерінің қазасы – мемлекеттің үлкен шығыны, деді Украина президенті Владимир Зеленский үндеуінде.

«Бүгін ІІМ жүйесін басқару бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды. Біз өз ісінің нағыз маманы, елдің патриоты және сенімді басшы бола білген азаматтардан айырылдық. Министр Денис Монастырский, Евгений Енин және олардың апаттан қаза тапқан әріптестері оңай ауыстыра салатын адамдар емес. Бұл мемлекетке келген үлкен шығын. Туыстарына көңіл айтамын, - деді Зеленский.

Сондай-ақ, Зеленский апатқа не себеп болғаны туралы нақты фактілер анықталғаннан кейін ресми ақпарат берілетінін атап өтті.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434