Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
2250 3 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 14:26

Зеленский Путиннің тірі екеніне күмәнмен қарайды

Украина президенті Владимир Зеленский Давос экономикалық форумында сөз сөйледі. Ол одақтастарға алғыс айтып, көмекті арттыруға шақырды. 

Зеленский келіссөздерге қатысты да ойын айтты. Ол сөз арасында Путиннің тірі, не өлі екенін білмейтінін жеткізді.

"Мен арасында пайда болып, телеарналар арқылы көрініп қоятын президенттің кім екенін білмеймін, күмәнім бар. Соның өзі ма (Путиннің), әлде басқа біреу ме?..Мен ол тірі ме, әлде шешім қабылдап отырған өзі ме, ол жағын білмеймін. Бұл жайында менде нақты ақпарат жоқ. Қалайша еуропалық мемлекеттерге соғыс ашпайтынын айтып, ертеңгі күні жаппай шабуылға шығуға болады. Мен кіммен бетпе-бет келгенімізді түсіне алар емеспін. Бейбіт келісім дейді. Кіммен жүргіземіз?!" - деді Зеленский.

Abai.kz

3 пікір