Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4618 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 06:05

Дәурен Қуат. Бұл қайдан шыққан 60 пайыз?

Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы айларында-ақ қазақ тілінде сөйлеп кетуге ерік-жігері жетпеген қазақ билігі қырық сылтау тауып баққанын жақсы білеміз. Сол қырық сылтаудың бірі «қазақтың тең жартысы ана тілінде сөйлей алмайды» дегенге саятын. «Тең жартысы» деген текенің мүйізіндей теңеуден кейін ұялды ма, әлде,  қандайда бір статистикалық мәліметтер ықпал етті ме,  биліктегілер  кейін қазақтың қырық пайызының қазақша тіл сындыра алмағанына «көзімізді жеткізді». «Көзімізді жеткізіп» қана қоймай әлгі «шындықты» күнделікті дәлелдеумен келеді: ресми жиындардан бастап ұсақ-түйек бас қосулардың бәрі бәз-баяғы қалыпында, орыс тілінде өтеді. Мемлекеттік деңгейдегі шешімдер мен мәстек мекемелерде қабылданатын бұйрықтар мен тапсырмалар да қып-қызыл сәбеттік кезеңдегі  «келбетінен» өзгерген емес. Бірақ соның өзінде қырық пайызға қырымыз сынбай жүр еді, біздің ұлтшыл ақсақалдарымыз алпыс пайызға ауыз салыпты. Турасына көшсек, қазақтың 60 пайызы қазақ тілінен мақұрым көрінеді.  Осы «60 пайызға» аса нана қоймайтынымызды ілгеріде, 2008 жылы «Жас қазақ» газетінде жазған едік. Ол кезде халық санағына бір жыл бар-тұғын. Сонда да еліміздегі демографиялық деректерге сүйене отырып, «60 пайыздың» тым артыққа сілтенгенін аңғартқанбыз. Алайда, атаң қоқи «60 пайыз» алдымыздан шыға беретін болды. Ендеше, мына тізбеге бір рет көз жүгіртіп алып, әңгімемізді әріқарай жалғайық:

Бұл - 1 ақпанға дейінгі мәлімет. 2013 жылдың 1 ақпанына дейін елімізде жалпы жан саны 16 миллион 911 мың 911 болыпты. Соның 9 миллион 264 мың 946-сы қалада,  7 миллион 646 мың 965-сі ауылды жерлерде өмір сүреді екен.  Қыр қазағы тұтас зәузатымен ана тілінен айнымағанын есепке алсақ, жаңғы «60 пайыздың» адымы дәл осы жерде тұсалады. Әрине, 7 миллион 646 мың 965-тің бәрі түгел қазақ емес делік. Ауылды жерлерде дұңған, ұйғыр, кәріс, орыс диаспорасы да қара көрсетеді. Алайда аталған диаспорлар тілі (оның ішінде орыс тілі) ауылдағы қазақ тілімен бәсекелесетін қабілетінен толықтай айрылуға жақындады. Жастары қалаларға, көбі Ресейге біржола қоныс аударды. Мәселенки, орысқолды қала саналатын Қарағандыдан 2010 жылы 29 971 адам, Павлодардан 15 758  адам, Солтүстік Қазақстан облысынан 17 058 адам, Шығыс қазақстан облысынан 38 402 адам көшіп кетіпті. Есесіне, Қарағандыға дәл осы жылы 27 597, Павлодарға 13 529, Солтүстік Қазақстан облысына 12 992, Шығыс Қазақстан облысына 31 946 қазақ қоныстанған. Қоныстанып, қоңыр тірлік бастап жатқанның бәрі   Атажұртына оралған қазақтар екені анық. Ал, олардың орыс тілінде сөйлеу былай тұрыпты, ләм деп түсінбейтіні бесенеден белгілі.

Баспасөзге оқырман жинау науқаны кезінде қазақ газеттерін басқарып жүрген  мырзалардың оңтүстігімізге ат басын жиі бұратыны бар. Ондағысы қалың отырған қазақ арасына сүйенгені, «газетіме жазылса, осылар жазылады-ау» деп дәме еткені. Одан қала берді, аяғы жеткені батысқа шабады. Орталықты шолып, оңтүстік шығысымыздағы жұрт ішіне де сұғынып қайтады. Өйткені бұл өңірлерде қазақ басым. Қазақтың тілі басым. Ендеше, қазағы мен қазақ тілі қасқайып тұрған сол өңірлердегі халық санына қарайықшы, міне, бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысы 2 678 335 тұрғынға ие. Оңтүстіктің өзбегі де, өзгесі де қазақша ағып тұр. Жуырда Алматы облысының халықы да 1 миллион 700 мыңнан асты.  Маңғыстау мен Қызылордада табиғи өсім жоғары. Оңтайландыру ісінің бір оңдысы  Семей мен Торғай қазағының есебінен  Өскемен мен Қостанайдың көшелері қазаққа толып қалды.

Елордамыз Арқа төсінен ірге тепкен күннің ертеңінде қаптаған қазақты көріп сол кездегі Целиноградтың бір орысы: «Мынанша қазақ осы күнге дейін қайда жүрген?» - деп таңқалыпты. Әлгі айтқандай, Арқаның арда қазағы қазір алшаң басып Астанада жүр. Солардың  арасынан қадірлі отандастарымыздың бірлі-жарымын көре қалсаң аң көргендей аңтарыласың. Қықасы, 60 пайыз деген асыра сілтенген артық статистика. Дұрысы статистика емес, эмоция. Президент Назарбаев бір сөзінде еліміздегі жан саны бойынша қазақты «65 пайыз» деді. Қазақ 65 пайыз болса, 35 пайзымыз өзге ұлт өкілдерінен құралады ғой. Ол 35 пайыздың қазақша білмейтіндігіне кім кепіл.  Мейлі, тіпті білмесін. Енді солардың қатарына қазақтың «ана тілін білмейтін» 60 пайызын алып барып қоссақ не болды? Қазақ пен қазақ тілі қайда қалды? Бұндай есептің шешуі кімді болсада «қазақ тілі азшылықтың тілі, мемлекет жұмысына қажеті жоқ тіл» деген байламға жеткізбейді ме? Былайда  қазақ тілін қақпайлап жүретін биліктің мынандай «статистикадан» кейін Құдайы бермейді ме? Оны неге ескермейміз?  Менің бір Бакуде тұратын әзербайжан танысым: «Біз, азырбайжандар, 80 миллионбыз» деп соққан еді. Онысымен қоймай «21 декабрь дүниежүзі азырбайжандарының тілі» деп шіренді. Не деседе дұрыс онікі. Сырттағы әзербайжандардың  тілі иранға сіңіп парсыланып кетсе де бәрібір еңсесін тік алып  тұр. Рухы биік. Ал біз алдымыздан шүлдірлеп шыққан бірер желөкпеге ренжіп, қазақ жастарын ана тілінен мақұрым ете саламыз. Рас, бізде орыстілділер көп сияқты көрінеді. Себебі белсенді. Белсенді әм Қазақстанда «көрпесі ашық» көпшілік мәдениетін қалыптастырушы ортаға айналғандықтан да олар көзге жиі түседі. Телеарналар мен саржағал басылым беттерін бермейді. Ақжағалы ұлықтарымыз қатысатын ұланасыр жиындарда да сапылдап сөйлеп, саңқылдап пәле қылады. Өйткені біз  сөз етіп отырған  белсенді буынның бойынан әлі комсомолдық рухтың буы кете қойған жоқ. Көшедегілерінің түрі анау. Қай қиырдан шалынса да, әйтеуір, қалың қол, қараң орман секілді қапатап көрінеді. Бірақ, бұл шындық емес. Алайда қазақ тілі мен мәдениеті салатанат құрып үлгерген  қоғамды қазақ билігі де, өздерін элита санайтын қауым да көргісі келмейді. Әйткенменде, «таң атпаймын десе де күн қоймайды». Қазақтың қуысырып келе жатқанын бүгін бәрі біліп отыр. Тек соған өзіміз кедергі болмасақ игі еді. Әне, қырғыздар орыс тілін «ресми мәртебесінен» оп-оңай түсіре салды. Қырғызға сол үшін орыс не істей алады? Шулайды-шұрқырайды, жылайды, жер тепкілейді, кіжінеді, қояды. Өйткені қырғыздың шаруасы - ол алдымен қырғыздың шаруасы. «Сыртқы саясаттан себеп іздеудің қажеті жоқ, бұл елдің ішкі мұқтаждығынан туған қалыпты шара. Қазір орыс тілін білмейтін ауыл тұрғындарының арасында оппозицияның беделі өсіп барады. Сондықтан олар ұлттық мүддені батыл көтере бастады. Қайда қарасаңызда «Қазір қырғызды орыстілділер мен «жаттілде сөйлейтін» саясаткерлер басқарып отыр» деген пікірді естисіз. Билік үшін бұл қауіпті құбылыс. Сондықтан үкімет оппозициядан бұл бастаманы тартып алып, бірінші болып электораттың көңілін табуға талпынып жатыр» - дейді  саясаттанушы қырғыз азаматы Марс Сариев.

Алатооның ар жағындағы айырқалпақты ағайынымыз осындай жігерлі қадам жасап жатқанда біз «Қазақтың 60 пайызы қазақша білмейді» деп күмәнді әңгіме айтқаннан гөрі көптігімізді, алапат күшке айналғанымызды, ұлттық мұрат тілектеріміздің жаңарып, өсе түскенін жоғары жаққа ескертіп жүргеніміз жөн. «Көп қорқытады, терең батырады» дегеннің ақиқатына сонда жететін боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400