Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3071 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 10:06

Мұғалімдер мұң шақты

Редакциямызға Алматы қаласындағы Бостандық ауданына қарасты мектептердің бірінен қоңырау соққан мұғалімдер: «Бізге «Достық» спорт комплексінде 31 наурыз күні өтетін спорттық биден жарысқа билеттерді  күштеп сатып жатыр. Осыған тоқтау салып беріңіздерші. Қит етсе, бізді қинайтындары несі?» деп реніштерін айтты. Расында, неге бізде баз бір әншінің кеші өтетін болса, немесе әкімшілік жиын шақыратын болса, мұғалімдерді қинайды? Мектеп мұғалімдері мектепте сабақ бере ме, әлде, қоғамдық жұмыстарға ат салысып алаөкпе болып жүре ме? Осы жайтты бір сөзінде тіпті Президент Назарбаевтың өзі де қатаң ескерткен еді. Сонда да үйреніп қалған әдет: мұғалімдер қалтасынан қара бақырын суырып бермесе, концерт өтпейді, әкімдердің ерігіп отырып тапқан акцияларына адам бармайды. Соның тағы бір кебі жоғарыда соғылған қоңыраудан байқалған соң тиісті адамдармен байланысқа шығуға тура келді.

-«Достық» спорт комплексінде 31 наурыз күні өтетін спорттық биден жарысқа билеттерді Бостандық ауданына қарасты бір мектептің мұғалімдеріне күштеп сатып жатыр деген ақпарат түсті. Осының ақын-қанығын білейік деп хабарласып тұрмыз, - дедік Спорттық биден жарыс өткізуді ұйымдастырушылардың бірі Василий Хорошев деген азаматқа. Хорошев былай деді:

- 1 наурыз күні Спорттық биден жарыс өтетіні рас. Бірақ билеттер сатылымға әлі түскен жоқ. Тек балалары спорттық бимен айналысатын ата-аналар ғана алдын ала алып жатыр. Ал, билеттерді Бостандық ауданына қарасты мектептердің бірінде мұғалімдерге күштеп сатып жатқанынан хабарым жоқ.

Біз бірден Бостандық ауданы білім басқармасына хабарластық. Әуелі телефонды бір қыз алып, ол сауалымызды түсіне алмай, бірнеше рет қайталап айтуымызға тура келді. Ақыры, ол қыз: «Одан хабарымыз жоқ. Бастыққа хабарласыңыз», деп телефонын айтты. Хабарластық.

Содан Алматы қаласы Бостандық ауданы білім бөлімінің бастығы Қуат Райымбековке хабарластық. Ол кісімен әңгімеміз төмендегіше өрбіді.

Сәлеметсіз бе? Бостандық аудандық білім бөлімі ме?

-  Иә.

Сіз білім бөлімінің бастығы Қуат Оразбекұлы боласыз ба?

-  Иә.

«Достық» спорт комплексінде 31 наурыз күні өтетін спорттық биден жарысқа билеттерді Бостандық ауданына қарасты бір мектептің мұғалімдеріне күштеп сатып жатыр деген ақпарат түсті. Осының анық-қанығын білейік деп хабарласып тұрмыз.

-  Таласып-тармасып алып жатыр деп еді ғой.

Демек, билеттің сатылып жатқанын растайсыз ғой?

-  Олар (Спорттық биден жарыс өткізуді ұйымдастырушылар.- Ред.) бізге бірнеше рет келген. Бірақ біз оларға билет сатуға рұқсат бере алмайтынымызды, ондай іске рұқсат жоқтығын ал, егер мектеп директорлары аламыз десе, оны өздері біледі дегенбіз. Мектептерде балалары спорттық биге қатысатын адамдар шығар. Біздің бұған қатысымыз жоқ.

Сіздерге хабарласқан қандай мектептің мұғалімдері екенін айтпайсыз ба?

- .......

P.S. «Сіздерге хабарласқан қандай мектептің мұғалімдері екенін айтпайсыз ба?» - деп сұрап жатыр білім бөлімінің бастығы Қуат Оразбекұлы мырза. Айтар едік, ашуы қатты ағайлар дерегі бізге мәлім мектептің шаңын қағып алары анық. Сондықтан дереккөзін құпия сақтауға тырыстық. Есесіне, Оразбекұлы мырза пәрмен етіп, билеттердің күштеп сатылуын тоқтатындығын, қажет болса ұйымдастырушыларға қайтарып беретіндігін айтты. Құрметті, ұстаздар қауымы!

Міне, осындай келеңсіздіктер орын алып жатса, редакцияға хабарласыңыздар! Cіздердің берген ақпараттарыңыздың дереккөзі жария етілмейді.

Біздің телефондарымыз: 8 727 249 70 11, abai-akparat@mail.ru

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404