Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3121 0 пікір 20 Наурыз, 2013 сағат 11:29

Қазақтар адам екен...

Бұған дейін «Қазақтар адам емес пе?» деген тақырыпта (http://old.abai.kz/node/21327) материал жарияланған болатын. Мақалада Төтенше жағдайлар министрлігінің әлі күнге азаматтарды төтенше жағдайдан құлағдар ету үшін мемтілде смс-хабарлама таратпайтыны көтерілген болатын. Бұл мәселе С.Әбдірешұлы деген азаматтың министрге жазған хатында көрініс тапқан еді. Араға бірнеше апта салып министрдің блогына  да, талап етушінің мекеніне де жауап (http://blogs.egov.kz/bozhko_v/questions/192448 ) келіпті. Жауап нақты болмаса да қанағаттанарлық. Алайда, бұл мәселені басқа даазаматтар көтеріп, өзектілігін министрге баса көрсете түссе деген тілек бар.

Талап хат

ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Санаттар: Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы

Құрметті  Владимир Карпович!

Ауа-райына қатысты смс-хабарламалардың таратылуына Сіздің министрлік бөлімшелерінің тікелей қатысы бар деп ойлаймын. Әрине, азаматтарды қауіп-қатерден сақтандыру мен ақпараттандыру - Сіздің органның басты міндеттерінің бірі.

Алайда, аталмыш смс-хабарлама біржақты және бір тілде - орыс тілінде болуы елдің заңдамасын бұзып отырғанымен бірге, азаматтардың ақпарат алу құқығын да таптап отыр. Смс-хабарламалар латын қарпімен таралуда, бұл - уақытша техникалық кемшілік екені рас, алайда осы қаріппен қазақ тілінде де хабарлама тарату мүмкіндігі барын Сіздің министрлікке қарасты ұйымдар мен бөлімшелер білуі тиіс. Білмесе, Тіл комитетімен келісіп мәселенің шешілуін қарастыруы керек еді. Аталмыш жайт ел азаматтарын алалау және барып тұрған заңсыздық!

Бұл жайтты Сізге баяндай отырып, мәселені бірігіп шешуге шақырамын. Қажеттілік болса, азаматтарға түсінікті латын қаріпті  әліпби-волопюктің нұсқасын беруге болады. Және бұл мәселені заңдастыруды уақытша болса да, Мәдениет  және ақпарат министрлігімен бірігіп қолға алуды ұсынамын. Әлі күнге бұл жайтқа назар аудармай, мәселені шешпей отырған Мәдениет және ақпарат министрлігінің де кінәсі бар екендігін білеміз. Сізден аталмыш мәселеге қатысты түсіністік күтемін.

Құрметпен, Серік Әбдірешұлы

ҚР азаматы.

Жауап хат.

18 наурыз 2013 ж.

Божко В.К.

Құрметті, Серік Әбдірешұлы!

Қазіргі кезде ерікті қызмет ретінде СМС хабарламаларын таратуды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өтінімі бойынша ұялы байланыс операторлары жүргізеді. СМС хабарламаларында латын алфавитін пайдалану мәселесі ұялы байланыс операторларының техникалық мүмкіндіктерімен шектелген, бірдей хабарламаларды кириллица қарпімен жолдау латын қарпімен жолдағанға қарағанда қымбатырақ соғады. Сонымен қатар, латын және кириллица қаріптерімен жолданатын СМС хабарламалардың көлемі де бірдей емес. Бір СМС хабарламада 160 латын символдарын жолдауға болады, ал сондай хабарламаға кириллица қарпімен тек 70 символ жолдауға болады, яғни көптеген жағдайда жеткіліксіз.

Осыған байланысты, қазіргі кезде хабарламалар мәтіннің көлеміне қарай латын және кириллица қаріптерінде жүргізіледі СМС хабарламалар орыс және қазақ тілдерінде жолданады.

Министрліктің жоспарларында 2015 жылға дейінгі кезеңде халықтың ұялы телефондарына тұрып жатқан аумақтағы аса қауіпті қатер, сондай-ақ олар туындаған жағдайдағы қауіпсіздік нұсқаулығы туралы ақпаратты жіберу үшін «сота арқылы хабарлау» (CellBroadcast) технологиясы базасында мамандандырылған жабдықты енгізу көзделген. Бұл ретте мәтіні мен форматы ҚР құқықтық нормаларына сәйкес келетін хабарламалар таратуды тікелей ҚР ТЖМ аумақтық органдарының жедел кезекшісі жүзеге асыратын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371