Жексенбі, 6 Қазан 2024
1532 0 пікір 7 Ақпан, 2023 сағат 11:40

Түркияда аза тұту күндері жарияланды

"Елде жеті күндік аза тұту жарияланды. 12 ақпан күн батқанға дейін бүкіл елде және шетелдік өкілдіктерде Түркия туы төмен түсіріледі", - деп жазды Ердоған телеграм-каналында.

Дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды, деді Ердоған. Бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған.

Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында зардап шеккендер бар. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 700-ден асады, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті.

 

Abai.kz

0 пікір