Түркия мен Сирия: Қаза тапқандар саны 23 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен 23 мыңнан астам адам қаза тапты. Соңғы мәлімет бойынша, Түркиядағы зілзаладан 20 213 адам көз жұмса, Сирияда 3500 адам қайтты.
Екі елде апаттан 80 мыңнан астам адам түрлі жарақат алып, зардап шекті. Олардың саны да сағат сайын өсіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Түркияға өз құтқарушылары мен дәрігерлер тобын жіберген еді. Қазір олар Түркияның екі қаласында – Газиантеп пен Нұрдалыда жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару операциялары кезінде 7 адам тірідей табылып, 14 мәйіт үйінді астынан шығарылды.
Abai.kz