Сенбі, 23 Қараша 2024
1087 1 пікір 13 Ақпан, 2023 сағат 12:04

Былтыр шетелден 7 мың тарихи құжат қайтарылды

Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Былтыр ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барды. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды.

Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.

«Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529