Жексенбі, 6 Қазан 2024
1625 3 пікір 13 Ақпан, 2023 сағат 12:59

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 60% үнсіздік

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 60% - ы полицияға арыз беруден бас тартады, деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайырұлы.

"Соңғы бес жылда мұндай фактілер бойынша өтініштер саны үш есеге артты. Сонымен бірге, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Арыз берілмесе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 18 адам көз жұмды", - деді ол.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы 100 мыңнан астам хабарлама келіп түсетінін атап өтті.

Abai.kz

3 пікір