Жұма, 18 Сәуір 2025
1194 0 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 12:15

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, жазды Үкімет сайты.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берген болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2010
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4869
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4067