Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3789 17 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 13:43

Ресей: Қазақстан досымыз да, жауымыз да емес!

Ресей 14 көршісінің 8-мен достық қарым-қатынаста. Бұл есепті Мәскеу Ұлттық коммуникацияларды дамыту ғылыми-зерттеу институты (ҒЗТКЖ) ұсыныпты. «Бұл – саясаткерлердің еңбегі емес, халықтың көршілеріне деген дәстүрлі жақсы қарым-қатынасына байланысты мүмкін болып отыр. Бірақ ұзаққа созылмайтыны анық. Кейбір елдермен әлі де байланысты дамытуға күш салу керек»,-дейді сарапшылар.

ҒЗТКЖ жариялаған Достық мониторингінің нәтижесі бойынша, Эстония, Латвия, Литва және Украина Ресейдің нағыз жауларының қатарына кірген. Грузия мен Молдова салыстырмалы түрде дос елдерге жатады.

«Мұнда саяси компонент қана емес, сонымен бірге халықтың Ресейге жалпы қатынасы да ескерілді. Отандық және шетелдік сарапшылар қозғалыс еркіндігі, орыс тіліне деген көзқарас, экономикалық байланыстар, ғылыми және мәдени коммуникациялар, БҰҰ-да дауыс беру және т. б. сияқты жалпы 68 көрсеткішті талдады»,-дейді ҒЗТКЖ директорының орынбасары Валентина Комлева.

Өткен жылмен салыстырғанда рейтингтің барлық қатысушылары өз позицияларында қалды, бірақ «арнайы әскери операция» жағдайында Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының күшеюі  «дос» пен «қастың» поляризациясын күшейте түсті, деп атап өтті зерттеу авторлары.

Сарапшылар сонымен қатар Ресейге қарсы санкцияларға қосылудан бас тартқан және экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтіп жатқан Грузиямен қарым-қатынастың жақсарғанын атап өтті.

Ресейдің нөмір бірінші адал досы – Белорусь. Одан кейін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан сияқты достас елдермен қарым-қатынас динамикасы жақсарған. Ал Армения мен Қазақстан «құбылмалы» көршілер санатына кірді. Бұл елдермен Ресейдің қарым-қатынас тарихы қайта қарала бастады, коммуникация нашарлаған және алдағы уақытта нашарлай түспек. Барлығы Ресейдің дұрыс коммуникациялық стратегия таңдауына байланысты, деді сарапшылар.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508