«3,2 мыңнан аса мектепте күзет қызметі жоқ»
ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Құспановтың айтуынша Қазақстанда 3,2 мыңнан аса мектепте мамандырылған күзет қызметі жоқ.
«Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша тиісті лицензиясы бар күзет ұйымдары 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаны күзетеді. Оның ішінде дабыл жүйесі (дабыл батырмасын орнату) арқылы шамамен 2 050 мектеп пен 790 балабақша бақылауда. Қалған объектілер күзетшілер немесе дабыл жүйесі арқылы күзетіледі, - деді Серік Құспанов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бүгінде Қазақстанда 6 702 мектеп және 5 585 балабақша бар. Бірақ бұл нақты сандар емес, себебі ІІМ есеп жүргізбейді екен.
«Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігіне хабарласу керек. Сондай-ақ деректерге сүйенсек, бүгінде 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада күзет қызметі жоқ. Қалған оқу орындары (жоғары оқу орындары мен колледждер) бойынша статистика жүргізілмейді», - деді Серік Құспанов.
Сондай-ақ ол білім ордаларында лицензияланған күзеттің себебіне жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер мен оқу-ағарту министрлігі жауап беруге тиіс екенін айтты.
Abai.kz