Жексенбі, 6 Қазан 2024
1592 4 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 14:13

Тарихи жәдігерді шетелге шығармақ болғандар ұсталды

Алматы әуежайындағы халықаралық бақылау учаскесінде құнды жәдігерге жататын монеталарды шетелге жібермек болғандар ұсталды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.

Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.

Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда.

Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізуге тырысқан ондаған адам ұсталған.

Abai.kz

4 пікір