Сенбі, 23 Қараша 2024
1587 2 пікір 23 Ақпан, 2023 сағат 13:01

Елде сүт бағасы бір жылда 33% өскен

Бір жылда сүт 33% қымбаттаған. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

«2022 жылдың 12 айында саладағы өндіріс көлемі 573,3 мың тоннаға жетіп, 2021 жылдың көрсеткішінен 6,2% асты.

Өңірлер арасында өңделген сұйық сүт пен қаймақ өнімдерінің өндірісі Солтүстік Қазақстан (185,8 мың тонна), Алматы (99,2 мың тонна), Ақмола (82 мың тонна) және Қостанай (69,5мың тонна) областарында айтарлықтай артқан.

Қаңтардың қлорытындысын қарасақ, елде сүт ай сайын 1,4% өымбаттап отырған. Бұл 2022 жылдың қаңтарындағы қымбатшылық қарқынынан екі есе жылдам деген сөз (0,7%болған).

Жылдың ауқыммен қарасақ, 2023 жылғы қаңтардағы сүт бағасы 2022 жылдың қаңтарындағы сүт бағасынан 32,9% жоғары болып шықты. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша мұндай қымбаттау қарқыны 2011 жылдан бергі рекорд болып отыр», - деп жазылған сараптамада. https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/pitevoe-moloko-podorozhalo-na-33-za-god

Ресурстың мәліметі бойынша бәрінен бұрын майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерлен сүт қатты қымбаттаған – 31,2%. Қаймақ өнімдері 30%, а майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт 28,8% қымбаттаған.

Өңірлер арасында майлылығы 3,2-4% деңгейіндегі пастерлен сүт бағасы әсіресе Алматы (43,5%), Солтүстік Қазақстан (43,3%) және Жетісу (36,2%) областарында айтарлықтай өскен.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371