Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:37

Қаңтар-шілдеде Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен 1 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды

Баку. 17 тамыз. ҚазТАГ – Қаңтар-шілдеде Баку-Тбилиси-Джейхан (ВТС) мұнай құбырымен «Теңіз» кенішінің 1 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды, ал былтыр қаңтар-маусымында 3907,7 мың тонна тасымалданған, дейді Азербайжан статагенттігі, деп хабарлайды Trend Capital ақпараттық агенттігі.

Былтырғы қазан айында америкалық ChevronTexaco компаниясы ВТС арқылы Теңіз мұнайын тасымалдауды бастаған. Былтыр ВТС арқылы (қазан-желтосанда) 285,1 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.

Келісім шартына сәйкес, Теңіз мұнайы ВТС арқылы да темір жол арқылы да грузияның порттарына (Кулеви мен Батуми) тасымалданады. Тасымалдау көлемі жылына 4 млн тонна болады деп күтілуде.

ChevronTexaco қазақстандық «Теңіз» кенішінің операторы болып табылады. Контрактылық ауданды өңдеумен «ТеңізШевроил» операциялық компаниясы айналысады.

БДТ мұнай құбырының жалпы ұзандығы 1768 километр де, оның 443 км-і Әзербайжан арқылы, 249 – Грузия, 1076 км – Туркия арқылы өтеді. Құбырдың құрылысы 2003 жылғы сәуірде басталып, ал оны мұнаймен толтыру 2005 жылы 18 мамырда басталған.

Құбырдың өткізгіштігі жоба бойынша тәулігіне 1 млн барр мұнай. Қазіргі уақытта химиялық реагенттерді пайдалану арқасында құбыр өткізгіштігін 1,2 млн барр-ге дейін көтерілген.

BTC Co-ның акционерлері төменгі компаниялар болып табылады: BP (30,1%), AzBTC (25%), Chevron (8,90%), StatoilHydro (8,71%), ТРАО (6,53%), Eni (5%), Total (5%), Itochu (3,40%), Inpex (2,50%), ConocoPhillips (2,50%) және Hess (2,36%).

Грузиялық Қара теңіздегі Кулеви портындағы терминалдың иесі Әзербайжан меммұнай компаниясы да Батумидегінің иесі – «ҚазМұнайГаз» ҰК.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333