Жұма, 22 Қараша 2024
1357 0 пікір 28 Ақпан, 2023 сағат 11:25

«396 жол учаскесін су басу қаупі бар»

Республикалық маңызы бар жолдардың 396 учаскесінде су тасқынының қаупі бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

«Республикалық жолдардың ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, тексерулердің нәтижелері бойынша ақпан айында 396 қауіпті учаскі, 68 көпір мен 768 су өткізгіш құбырлар анықталды. Осы нысандарға 700-ден астам жол-пайдалану техникалары бекітілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды уақтылы қамтамасыз ету үшін барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік пен күнделікті қарау жүргізілуде», - деді ол.

Министрдің мәліметі бойынша, су тасқыны қаупін жою үшін барлық қажетті инертті және басқа да материалдар толық көлемде дайындалған.

«20 мың текше метр құм, 6 мың текше метр тау тас, 8 мың текше метр қиыршық тас, 18 мың текше метр құм-қиыршық тас және 125 мың дана құм салынған қап дайындалды. Қазіргі таңда оңтүстік өңірлерде барлық су өткізгіш құбырлар тасқын және еріген сулардың өтуін қамтамасыз етуде, солтүстік өңірлерде ауа райы жағдайына байланысты 5 мың 742 су өткізгіш құбырларының саңылауларын ашу мен қардан тазарту жұмыстары басталды», - деді Марат Қарабаев.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321