Сенбі, 23 Қараша 2024
1835 2 пікір 3 Наурыз, 2023 сағат 12:41

Астанада заңсыз салынған 76 құрылыстың жұмысы тоқтады

Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Қала аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Көппәтерлі тұрғын үй кешені нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы заңсыз құрылыс салу фактілерін анықтап қана қоймай, рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетеді. Осылайша, 96 нысанның 20-сы құрылыс жүргізуіне қажетті рұқсат құжаттарын толықтай алды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан құрылысшылар одағының және Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталды. Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line» ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium» ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б.

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 объект (76 объектінің ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар берілетін болады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364