Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3577 0 пікір 5 Сәуір, 2013 сағат 06:32

Жұмаш Кенебай. Қиядан ілген Қиял дос (Жалғасы)

«Япырай, бұл Қиял түкірігі жерге түспейтін не деген бақытты бала еді» деп ойлаймын ғой сонда, киіз үйдің ішінде жатып. Рәш әпкесі ауылдың маңдайға басқан жалғыз  дәрігері. Төлембек ағасы болса, мектепте білдей мұғалім. Ол өзге балалар сияқты қызылша-пызылшаңа бармайды. «Ауыру» деген анықта-масын ала салады. Ақсаусақ болмағанда қайтсін. Нағашысы Тәупиық күркіре-ген ферма бастығы. Шернияз бауыры да бірдеңенің құлағын ұстаған. Қарап жатқаны жоқ. Айтпақшы, отыз жетінші жылы «халық жауы» болып атылып кеткен ақпа ақын - Арап осы ауылдан шыққан. Арап пен Қиялдың түп наға-шысы бір. Нағашылары мықты болғанға ұқсайды...

Сөйтіп, суқанымыз сүймесе де, қу сабағына қайта кірістік қой. Бірақ, ұзаққа бармады...Ауылдың балалары анда-санда ат суаруға баратынбыз. Көлге жа-қын болғандықтан ба, бұл жақтың суы ащы болып келетін. Тұщы суға қанды-рып алу үшін, аттарымызды жоғары жақтағы бұлақтарға барып суаратынбыз. Сондай бір ат суару кезінде - әкем мініп келген асау ат мені сүйретіп кетіп, аяқты сындырып, бір жылдай сабақтан қалғаным бар. «Шалқаңнан түсіп жат та қой енді, құдайым тілеуіңді берді» деп Қиял досым күлген сонда.

«Япырай, бұл Қиял түкірігі жерге түспейтін не деген бақытты бала еді» деп ойлаймын ғой сонда, киіз үйдің ішінде жатып. Рәш әпкесі ауылдың маңдайға басқан жалғыз  дәрігері. Төлембек ағасы болса, мектепте білдей мұғалім. Ол өзге балалар сияқты қызылша-пызылшаңа бармайды. «Ауыру» деген анықта-масын ала салады. Ақсаусақ болмағанда қайтсін. Нағашысы Тәупиық күркіре-ген ферма бастығы. Шернияз бауыры да бірдеңенің құлағын ұстаған. Қарап жатқаны жоқ. Айтпақшы, отыз жетінші жылы «халық жауы» болып атылып кеткен ақпа ақын - Арап осы ауылдан шыққан. Арап пен Қиялдың түп наға-шысы бір. Нағашылары мықты болғанға ұқсайды...

Сөйтіп, суқанымыз сүймесе де, қу сабағына қайта кірістік қой. Бірақ, ұзаққа бармады...Ауылдың балалары анда-санда ат суаруға баратынбыз. Көлге жа-қын болғандықтан ба, бұл жақтың суы ащы болып келетін. Тұщы суға қанды-рып алу үшін, аттарымызды жоғары жақтағы бұлақтарға барып суаратынбыз. Сондай бір ат суару кезінде - әкем мініп келген асау ат мені сүйретіп кетіп, аяқты сындырып, бір жылдай сабақтан қалғаным бар. «Шалқаңнан түсіп жат та қой енді, құдайым тілеуіңді берді» деп Қиял досым күлген сонда.

Арада біраз жылдар өткенде біз өзіміздің атамекен - Аягөз жаққа көшіп кет-тік. Жайпақта әпкем Төлеуғайша мен жездем Тұрсынбек Зәкерияновтар кіш-кентай Зібиламен көшпей қалып қойған. Бүгінде менің сол қайран жалғыз әп-кем де, жездем де өмірден озған. Оларға сол бұрынғы «Коммунизм» мен «Социализмнің», қазіргі Жайпақтың топырағы бұйырған екен. Қиялдың әке-шешесі, менің әке-шешем, ағам да бүгінде бақилық болған...

Мен атамекен Аягөздің «Ақшатау» орта мектебінен бітіріп, бір-екі жыл ауыл-да, Аягөз аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық «Алға» газетінде қызмет істеп, екі жылдық әскери борышымды аяқтап келісімен бірден әсем Алматы-ға тартып, сол кездегі С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистка факуль-тетінде оқыдым, республикалық «Қайнар», «Жалын» баспаларында, Қазақ радиосы мен теледидарында, тәулсіз саяси «Азат» газетінде, Алматы қаласы әкімдігінде әр түрлі қызметтер атқардым.

Аягөзде оқып жүргенімде де аракідік Алакөлге соғып тұрдым. Бірақ, Қиялмен қатынас сиреді. «Көзден кеткен соң, көңілден де кетеді» деген сол. Жаңа ор-та, жаңа достар дегендей...Дегенмен, Жайпақ жақтан хат-хабар алып тұрдық. Досымды Рәш әпкесі «кәрі әке-шешеңді қайда тастап кетпексің» деп, консер-ваторияға жібермей алып қалыпты. Көліктің жақсысын мініп, қыздың сұлуын құшуға құштар досым Дәйімхан есімді ауылдың тамаша бір қызына үйленіпті деп естідім. Бала күнгі достық қымбат қой қанша дегенмен, іштей тілеулес болып жүрдім...

Қиял досымды мен арада көп жылдар өткенде, «Қайнар» баспасында қыз-метте жүргенімде, бір сықақ өлең жазып, оны әуелі «Балдырған» журналын-дағы ескі дос ақын Несіпбек Айтұлына, ақыры, соның сілтеуімен «Ара» жур-налының бөлім бастығына апарып бергенім бар. Бөлім бастығы дегенім, қай-дан білейін, бала күнгі досым Қиял Сабдалин болып шықпасы бар ма! Басын-да Қиял да (өзі сәл қызулау екен) мен де бір-бірімізді танымай, одырайысып қалдық. Бірақ, көп уақыт өтпей бұрынғыша шүйіркелесіп, сонау бір естен кет-пес балалық шағымызды еске алысқанбыз. Досым аудандық, облыстық газ-еттерде шыңдалып, өрлеп Алматыға келіпті. Қайтарымда Қиял:

- Жұмаш, өлеңдеріңмен сырттай таныспын. Тамаша лирик ақын болыпсың. Тек әлдекімдерге елікпегенің дұрыс болар еді. Сықағыңның алды да, соңы да осы болсын. Өйткені, лирик ақынды сатирик ақын өлтіреді ақыр аяғында, осыны ұмытпа! - деп ол менің «Апама жездем сай» деген сықақ өлеңімді ор-ысшаға аудартып, екі тілде «Ара-Шмель» журналына жариялатқаны бар.

Сәл толғаны болмаса, алдымда тұрған сол баяғы аңқылдаған, еш өзгермеген Қиял бауырым еді. Бұдан кейін екі дос бұрынғыша, тонның ішкі бауындай қайтадан араласып кеттік. Ішімдігіміз де, суат жағалайтынымыз да, көгал қуа-тынымыз да бір. Бірақ, соңғы уақытта досымның әлгі пәлені жиілеткенін бай-қадым. Іш тартайын десем, қимаймын. Ақыл айтайын десем, өзім жетісіп тұр-ғаным шамалы, мен де ішемін. Ақырында, досым «Арадан» оңбай аранда-ды. Былайша айтқанда, теп-тегіс жерден сүрінді. Біреумен шатақтасқанды қой, өкпелетіп алғанына өкінетін парасатты досым, сайтан түртті ме, бас-көз демей, қып-қызыл төбелестің ішіне қойды да кетті! Ішімдіктің кесіріне қоса, әлдекімдердің айтақтауынан да болғанын бүге-шігесіне дейін білемін-ау! Ам-ал не, болар іс болып қойды. Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің ке-рі. Ақырында, басын зорға деп арашалады. «Бәрі өзімнен...Тыныш жүрсем, менде не атасының құны бар» деді де, өзі жоғалып кетті.

«Ішіп жүріп, тағы бір шұқыр бірдеңесіне түсіп кетпеді ме» деп жүрексініңкі-реп жүрсем, Қиялым советтің қылышынан әлі қан тамып тұрған кезде, жау американың «жауыз» радиосының штаб пәтерінен (Азаттық) барып бірақ шығыпты ғой сабазым! Риза болып кеткем бе, «өлме, досым» демеймін бе сонда. «Өй, мен өлмеймін ғой» дейді ол да. Қиял Сабдалин сөйтіп, «Азаттық-тың» Қазақстандағы білдей тұңғыш тілшісі, кейін Қазастандағы бюросының бастығы болды.

Қазақстандағы тұңғыш саяси қозғалыс «Азат» қозғалысында, оның осы аттас газетінде қызмет істеп жүрген кезімізде: Сәбетқазы Ақатай, Михайл Есенәл-иев, Марат Шорманов, Хасен Қожа-Ахмет, Жасарал Қуанышәлі, Дос Көшім, мына мен және тағы басқа ұлтжанды азаматтар осы Қиялдың арқасында «Аз-аттық» радиосы арқылы өзіміздің ғана емес, шетелдік қазақтарға да кеңінен танымал болған едік. Сол тұстағы «Азаттық» радиосының директоры Хасен Оралтаймен, Түркия түрікшілдермен: Тұран Язғанмен, Ердоған Асылүйжімен, Сыдыхан Ұлышаймен, Шеризат Доғырымен, Нұркәмал Пынармен, Суат Шер-ушімен, т.б. белгілі тұлғалармен бізді осы Қиял досымыз таныстырғанын ұм-ытқамыз жоқ.

1990 жылы өзім орынбасар болып жүрген «Азат» газетінде (редакторы мар-құм Батырхан Дәрімбет) жарық көрген менің әйгілі Желтоқсан қасіреті жайлы жазылған «Зобалаң» атты дастанымды жоғары бағалаған да, әрі осы дастан-ның «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радио қойылым ретінде берілуіне (оқығандар - Нұркәмал Пынар, Суат Шеруші) мұрындық болған да осы Қиял Сабдалин. Сол жолы дастаным үшін бірінші рет қомақты қалам ақы алдым.

1990 жылы жазда Қиял Сабдалин біздің «Азат» газетіне «Азаттық» радиосы-ның тарихы хақында, Жәкен Бапыш, Хасен Оралтай туралы топ мақала берге-ні әлі есімде. Сол жылдың шілде айында Қазақстан топырағына исі түрікке танымал бір топ мілләтшіл азаматтар мінген ұшақ келіп қонды. Олар: Хасен Оралтай, Туран Язған, Ердоған Асылүйже, Сыдыхан Ұлышай, Шабан Қараташ, т.б. азаматтар еді. Құрметті меймандарды Мұхтар Шаханов, Сәбетқазы Ақа-тай, Марат Шорманов, Жағда Бабалықұлы, Қиял Сабдалин, Хасен Қожа Ах-мет, мен және тағы басқа ұлтжанды азаматтар қарсы алдық. Мұхтар Шаханов ағамыз «Қазақстан» қонақ үйінде сол күні қонақтарға арнап кешкі ас берді.

Түркиядан келген кілең түрікшіл азаматтармен таныстығым менің өміріме де елеулі өзгерістер енгізді. Арада бір-жар жыл өткенде әйгілі "Түрік даналары" атты авторлық телебағдарламаны өмірге әкелуіме мұрындық болды. 2000 жылға дейін апта сайын беріліп тұратын жарты сағаттық бұл телехабарым эф-ирден түскен емес. Қысқасы, түрікшіл бауырлардың Алматыға келуі ірі оқиға болған еді. Не бір қызық жағдаяттарға да қарық болыппыз. Алдағы уақыттар-да ол өз алдына бір шыжығы мол «қызық» мақала болатын түрі бар...

Қызық демекші, әнеу бір жылы Қиял досым және жоғалып кетті. «Япырай, не болып қалды» демейміз бе енді. Өзіміз басқарып отырған «Таным.ТВ» сайты арқылы «Қайдасың, бауырым?» деп сұрау салып іздемеймін бе, ақыры екеу-міздің ортақ досымыз - Фәдли Әли арқылы тауып алмаймын ба, «бауырым барсың ба, тірісің бе» демеймін бе. «Өй, мен өлмеймін ғой» дейді ол да. Сас-пайды. Бәсе, мен білетін қабырғалы қаламгер Қиял Сабдалин осындай болса керек еді ғой деймін. Қазір екеуміз бұрынғыша араласып-құраласып тұрам-ыз. Бала күннен бергі досым ұрттағанын, «көгалды» қуғанын шорт доғарған. Сол шорт доғарғанның да кесірі ме екен, жүрек талмасына ұшыраған. Ақыры ота жасатқан. Абылайы әлі ана жақта...отыр. Бұл оқиға Қиял мен Дәйімханды ойсыратып кеткенін мен жақсы білемін. Бірақ, менің қолымда не тұр, «өлме, досым» дегеннен басқа!

Сүлеймен пайғамбардың жүзігінің астында «бұл да өтеді» деген жазу бар екен...

Соңы

Abai.kz

0 пікір